Біздің сапарымыз
Қазақстан өлкетанушыларының ондаған мақалаларын оқып, үңгірге келушілердің жүздеген пікірлерін тыңдаған соң, осы бір таңғажайып жерге тезірек жетсем деген қызығушылық менденеғұрлым өсті. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған екен.
Бізді алыс, бірақ та қызыққа толы жол күтіп тұрды. Тәжірбиелі жол көрсетуші, осы жерлердің әр соқпағын, әр тасын білетін Ерлан Серғазыұлы Касимов бізге бүкіләлемге белгілі қазақ мәдениетінің үш алып тұлғасы– Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов туған және шығармаларын дүниеге әкелген жерден өтетін жолмен жүруді ұсынды.
Бізді алыс, бірақ та қызыққа толы жол күтіп тұрды. Тәжірбиелі жол көрсетуші, осы жерлердің әр соқпағын, әр тасын білетін Ерлан Серғазыұлы Касимов бізге бүкіләлемге белгілі қазақ мәдениетінің үш алып тұлғасы– Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов туған және шығармаларын дүниеге әкелген жерден өтетін жолмен жүруді ұсынды.
Айнала – дала да дала. Бір кезде алыстан жалғыз ағаш байқала бастады. Бұл бұлақ көзі ғой, Жидебайға жасалатын мектеп экскурсияларының әрқашан тоқтайтын аялдамасы! Жуынып, суға қанып алған соң, қайта жолға шықтық. Дала көрінісі бірте-бірте таулы көрініспен алмасады, көкжиекте аңызға айналған жұп «Еңлік – Кебек» ескерткіші көрінді. Кесене жанына тоқтаған соң, менің бір ойлағаным: «Мен мұнда соңғы рет болған кезден еш нәрсе өзгермепті. Ескерткіш қоғам және мемлекет қамқорлығына сол кезде мұқтаж болған, әлі де мұқтаж. Маңайда жазуы бар тақтайша, пластикалық бөтелкелер үйіндісі... Көңілім жабырқау, мұңлы. Бұл қазақ даласындағы бойында ақындық аңызы мен батырлығы бар әң әдемі ғашық жұбының ескерткіші емес пе?».
Қайтадан жол. Артта Бөрлі ауылындағы Мұхтар Әуезовтың үй-музейі, Абайдың үй-музейі, Абай - Шәкәрім кесенелік комплексі және Қараул қалды. Асфальтталған жолдар қара жолдарға, ал шексіз дала жазықтары бара-бара таулы соқпақтар мен асуларға алмасады. Әрбір белеске шыққан сайын осы саяхаттың ұйымдастырушысы Юлия Сергеевна міндетті түрде: «Қандай көрініс! Біраз уақытқа тоқтауларыңызды сұраймын, мен бұл ғажайыпты түсіріп алмасам, арманым орындалмас!» деп сүйсіне жан-жағын фотосуретке түсіреді.
Ұзақ та, қызықты төрт сағаттық жүрістен соң, біз ақыры келер орнымызға жеттік. Үңгірге кіру жеріне таяу орналасқан әжептәуір сүйкімді кірпіштіүйде тұратын үңгіркүзетшісі біздің қолымызға үңгірде болу кезіндегі ережелер нұсқамасын берді.Үңгір ішіне міндетті түрде таза көңіл және таза денемен кіру керек екен. Көңілдің қамын әрқайсымыз ертеректен ойлап қойғанбыз. Ал денеге келсек, оның қамын жергілікті бақылаушылардың өздері ойластырып қойған екен. Душқа түсудің жағдайы жасалмаса да, бізді сумен, дәлігірек айтсақ, жылу сумен қамтамасыз етті. Бізді үңгір ішіндегі жарықтан да құр қалдырмады. Үңгір ішінде болу уақытында ондаған шамдардың көмескі жарық беруін,кірушінің әрқайсысынан алынған үш жүз теңгеге кіре берісте орналасқан электр генераторы қамтамасыз етті.
Міне, ақыры мен де үңгірге кіру жолын өз көзіммен көрдім. Кіре берісте нақыл сөздер жазылған мемориалдық тастар орнатылған, ақ ленталармен оралған бұтақтар және мақсатылы түрде қариялар қалдырған таяқтар тұр. Үңгірге кіру жолы – бұл тас үйінділері басып қалған, тайғақ та, тар болып келген құз.
Өмірімде күткенім алғаш рет өз дәлелін тауып отыр. Сталактиттер мен сталагмиттер бір-бірімен алмасып өспесе де, олардың үңгір ішінде өсуі рас екен. Бұндайды бұрында көрген емеспін. Ауа да, қабырғалар да, аяқ астындағы тастардың сытыры, осының барлығы адамның ақыл-ойына түсініксіз де сиқырлы әсер етеді.
Өмірімде күткенім алғаш рет өз дәлелін тауып отыр. Сталактиттер мен сталагмиттер бір-бірімен алмасып өспесе де, олардың үңгір ішінде өсуі рас екен. Бұндайды бұрында көрген емеспін. Ауа да, қабырғалар да, аяқ астындағы тастардың сытыры, осының барлығы адамның ақыл-ойына түсініксіз де сиқырлы әсер етеді.
Бір – бірімізді демей және көмектесе отырып, жерасты көліне де жеттік. Көлдің суы мөп-мөлдір. Алғаш қарағанда көлде су мүлде жоқ сияқты. Су тереңдігінен ізбес басқан тастар анық байқалады. Су айдынына қарап мен өз бейнемді айнадан көргендей болдым. Менің келбетімде қандай түсініксіз күлімсіреу десеңші, қандай жаутандаған көз-қарас! Мен суға тобығыма дейін кірдім. Су мұздай. Мен әлде бірденені үміттене тосқаннан ба екен, суықты сезінуім ақырындап жоғалды. Міне, енді мен беліме дейін су ішіндемін. Тағы бір қадам жасадым, жоғарыда тек жалғыз басым қалды. Демімді тоқтатып, көздерімді жаптым, содан... Су астында екі секундтан артық болып, мен жоғарыға дауыстап секіріп шықтым. Өзімді суға сүңгу бойынша жаңа ғана әлемдік рекорд жасаған рекордшыдай сезіндім. Қанымда адреналин деңгейінің жоғарлауын және адам сенбес жарылыс сезіміне бөлендім.
Көлге үштен жеті ретке дейін сүңгу керек деп айтады. Менің тек үш ретке шамам жетті, екініш рет пен үшінші реттің аралығы он минут болады. Үңгірге кіре берістегі тастардан ескен суықтық пен қараңғылық суға түскен соң, жағымды жылы лепке айналып кетті. Жұрттың: «Көлге шомылып шыққан әр адам ерекше сезімге ие болады» деген сөзі бекер айтылмаған екен. Ерлан Серғазыұлының айтуынша, оның басына тас үйінділері құлаған, ал Юлия Сергеевна бірер минут өткен соң ғана өз терісінің өз денесіне тән екенін сезіне алған. Бұл түйсіктерді айтып түсіндіре алмайсын, тілмен жеткізу мүмкін емес! Өмірінде бұндай әсерлі сезімге бір рет болса да шынайы кенелу керек екен. Менің ойымша, бұл саяхат өмірімнің соңына дейін есте қалады.
Үңгірден шыға берісте, біз бірнеше адамға кезіктік. Олардың ортасында туыстары екі жақ қолынан демеп ұстаған әже болды. Мүмкін әженің көзі нашар көреді, немесе оған қозғалу ауыр ма, мүмкін оның жүрегі ауырады ма екен. Ең бастысы әже үңгірдің ғажап күшінің бар екендігінесеніп келген, мүмкін бұл оның сауығып кетуге деген соңғы үміті шығар. Ауыр жолды жүріп келген әжені мұнда оны тағы бір ауыр сынақ күтуде. Әже бұл сынақтан да сүрінбей өтеді. Мүмкін ол жерасты көліне өз көзелдірігін лақтырар, әдетте көздері нашар көретін адамдар дәл осылай әрекет етеді екен, немесе үңгірге кіре берісте өз таяғын қалдырып кетер.
Әрине, шомылғаннан кейінгі сезімдерді, дерттен сауығып кетуді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге де болады. Алайда адамдар бұл қасиетті жерге мыңдаған жылдар бойы келіп жүр ғой, «Қоңыр Әулие» үңгірінің ғажайып күші туралы аңыздарды ауыздан ауызға айтып жүр ғой. Жиі оларды үңгірге сенім мен үміт жетелейді.
Ақын айтқандай:
«Егер аңыз ғасырлап өмір сүрсе, бұның да бір білгені бар шығар...»
Ақын айтқандай:
«Егер аңыз ғасырлап өмір сүрсе, бұның да бір білгені бар шығар...»